Халықаралық конференция «Заманауи білім беруді дамыту: инновация және дәстүр»

02.12.2020

2020 жылдың 26-27 қараша күндері «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесе колледждің жүз жылдығына орай «Заманауи білім беруді дамыту: инновация және дәстүр» тақырыбында қашықтықта Халықаралық конференция өткізді.

Конференция мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында білім беру ұйымдарының инновациялық практикасын өзектендіру.

Конференция жұмысына ережеде көрсетілген 5 бағыт бойынша жүзден аса жұмыс келіп түсті.

Конференция келесі 3 бағыт (секция) бойынша жұмыс жасады:

1. «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие үдерісін дамытудың өзекті мәселелері мен тенденциялары және жас педагогтың инновациялық әлеуеті: мәселелері, шешу жолдары» секциясы. Модераторлар: Омарова Б.С., Лялкова А.П. Осы секцияға 56 баяндама келген. Соның ішінен 7 спикер өз әдіс-тәжірибесімен бөлісті. Олар: -Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы - Саудабаева Г.С., Алматы қаласы «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжінің магистрі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары -Магулымова Г.С., Орал қаласы. Ж.Досмұхаметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің, педагогика ғылымының магистрі- Есенова Л. С., М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Муратова А.Г. және Мухамадиева А.Д., Есіл ауданы Ж.Ғизатов жоғары ауылшаруашылық колледжінің оқытушысы- Костылева С. В., Петропавл қаласы Қазақ мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі -Адильшина Д. Т.

Спикерлер өз баяндамаларында білім мазмұнының жаңаруына байланысты білім беру жүйесіндегі жаңалықтармен, өзінің іс-тәжіриелерін ұсынды, мамандар бойынша атқарылып жатқан жұмыс түрлеріне тоқталды, тәлімгерлік жұмыс баяндалды. Қазіргі қашықтықтан оқыту кезінде студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруы мен жетілдіруі бойынша әдістмелік ұсыныстармен бөлісті.

2. «Цифрлы өркениеттегі заманауи ақпараттық технологияларды дамыту» секциясы. Модераторлары: колледж оқытушылары - Абдрахманова А.Т, Тасмагамбетова А.М.

Жұмыс барысында Новосибирск қаласының № 28 Лицейінің математика және информатика пәнінің мұғалімі - Павилан Айгуль Кадыржановна; Нұр-сұлтан қаласының Еуразия гуманитарлық институты колледжінің, директордың оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы - Баймуханбетова Гульжан Хамитовна; - Пелагогика магистрі, М.Қозыбаев атындағы СҚУ аға оқытушысы -Исмагамбетова Ляйли Шокатовна; - М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің, директордың ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары Жанбекова Алтынай Есенкелдіқызы; - «Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің» арнайы пәндер оқытушысы - Колокольцев Алексей Алексееви; - М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің ақпараттық пәндер оқытушысы Абдрахманова Айнур Томарбаевна сөз алды. Сөз алған спикерлер бүгінгі күн талабына сай цифрлы өркениеттегі заманауи ақпараттық технологияларды дамыту барысымен өз тәжірибелерінде қолданылып жүрген тиімді оқыту әдістемелерін ұсынды.

3. «Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы заманауи тәсілдері және білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің гуманитарлық әдіснамасы және тәрбие жүйесі» секциясы. Модераторлар Алпысбаева А.Е., Малгаждарова К.Г. Секцияны ашылу салтанатына ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың ұрпағы Бекенов Тасболат Салтаевич қатысып, оқытушалар мен жастарға сәттілік тіледі. Осы бағытта өз жұмыстарымен толығырақ таныстырған спикерлер: - Анкара қаласының Қажы Байрам университетінің профессоры, Түркітану орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы: Хулия Касапоглу Ченгел; - Ақтөбе қаласының гуманитарлық колледжінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының оқытушылары: Нурасканова Анаргуль Басеповна және Шангалаева Рабига Комытовна; - Алматы қаласынының «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кушерова Айгерім Жамелқызы; - «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің» мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің меңгерушісі Бикбаева Вера Паловна; - «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің» педагогика және психология пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Омбы мемлкеттік педагогикалық университетінің аспиранты Макажанова Жулдыз Максутовна; - Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің магистрі Жанабекова Сабина Талгатовна.

«Заманауи білім беруді дамыту: инновация және дәстүр» тақырыбында қашықтықта өткен Халықаралық конференцияны ғылым мерекесі деп атауға болады. Барлық қатысқан әріптестерімізге алдағы зерттеулер мен іздену жұмыстарына тек сәттілік тілейміз! Мақсаттарыңызға жету үшін табандылық, ынта, жігер, шығармашылық табыс тілейміз!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст